Ұлттық тағамдар — нақты бір ұлтпен байланыстылатын аспаздық тағам. Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері: ұлттық тағам ерекше жолмен дайындауға болатын, жергілікті қолжетімді азық-түлік пайдаланатын тағамдар; сол аймақта өсірілетін немесе өндірілген «экзотикалық» ингредиенті бар тағам; сол ұлттың салтына, дініне, дәстүрлерінің бір бөлігі ретінде немесе мерекелік аспаздық дәстүр ретінде берілетін тағам;

Елдер бойынша кейбір ұлттық тағамдар: Хорватия: Паг ірімшігі - бұл әйгілі ірімшікті Паг аралында саулық сүтінен дайныдайды. Италия: пицца - классикалық пицца өте жұқа қамырдан әзірленеді. Оның ішіне қызанақ, моцарелла және түрлі ет тағамын салады. Қытай: сяо лонг бао - сорпада қалқып жүретін тұшпаралар. Оның пішіні хинкалиді еске түсіреді. Алайда оны әртүрлі сұрыптағы етпен бамбук себетіне дайындайды. Үндістан: тандури тауығы - йогурт пен дәмдеуіште маринадталған тауық еттерінің бөлігінен тұрады. Тандури тауығын көбіне үлкен саз балшықтан жасалған пеште дайындайды. Канада: путин - калорияға өте бай тағам. Оның құрамында фри картоптары, ірімшік және арнайы әзірленген соус бар. Аргентина: асадо - тағамды шоққа пісіріп, оған нан, салат, чимичурри соусы және қызыл шарап қосып ішеді. Аустралия: бәліш-қалтқы - еттен жасалған бәліш. Қалтқы деп аталу себебі қалың асбұршақ сорпасы бар тәрелкеде қалқып тұрады. Грузия: хачапури - ішінде ірімшігі немесе жұмыртқасы болатын бұл шелпекті бәріңіз білетін шығарсыздар. Голландия: майшабақ - Голландиялықтар майшабақты бөлкемен және уақтап туралған жуамен жегенді жақсы көреді. Жапония: кацудон - жұмыртқа қосылған жаншылған шошқа еті. Оның үстіне күріш салады.Ас мәзірі. - Алматы, 2011.-45 бет.

Дереккөздер

Санат:Ұлттық асханалар