Үлкен Қоскөл — Есіл алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Кеңащы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км жерде, теңіз деңгейінен 257,1 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 14,31 км2, ұзындығы 6,1 км, ені 3,3 км, жағалау бойы ұзындығы 15,2 км.
Жағалау сипаты Көл қазаншұңқыры сопақша пішінді, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған, түбі тегіс, сазды жағалауы жайпақ, ашық. Су жиналатын алабының 25%-ы жыртылған, қалған бөлігінде ақ селеу мен бетеге өскен. Қар суымен және атмосфералық жауын-шашынмен толығады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Айыртау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы