Ефим Алексеевич Черепанов (1774-15.6.1842 ) және Мирон Ефимович Черепанов (1803-5 (17).10.1849)-әкелі-балалы орыс өнер тапқыштары. Олар тау-кен заводы иесінің басбайлы крепостнойлары болған. 1822 ж. Ефим Нижний Тагильдегі заводтардың бас механигі болды. 1833 ж. оған (әйеліне де) , ал 1836 ж. баласына ашқан өнер табыстары үшін бас бостандықтары берілді. Черепанов әртүрлі заводтық механизмдеді кемелдендірумен, домналық, темір алатын және мыс балқытатын өндірісті ижетілдірумен айналысты. Сондай- ақ олар жасаған бу машиналарының да үлкен маңызы болды. 1820 жылдан бастап Черепанов 20- ға жуық бу машинасын (қуаты 2-60 а.к.) жасады. 1833-1834 ж. олар Ресейде алғашқы паровоз, ал 1835 ж. қуатты 2- паровозды құрастырды. Шойын рельс жол Выйск заводы мен Мыс руднигіарасында төселді. Бірақ Черепановтардың бастамасы қолдау таппай, соңында олардың паровозы пайдаланылмай қалды. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 104 бет
Санат:Өнертапқыштар Санат:1774 жылы туғандар Санат:1842 жылы қайтыс болғандар