Әлем тарихы — әлемнің пайда болуы мен дамуының негізгі фазалары туралы қазіргі заманға дейін қалыптасып келген көзқарас. Бұл көзқарас бірнеше теорияларға негіізделген: Фридман теориясы; Жойқын жарылыс теориясы; Инфляция теориясы; Ірі масштабты құрылымның қалыптасу теориясы; теориясы.

Әлем эволюциясының фазалары: ( Жойқын жарылыс, Планк дәуірі, Космостық инфляция дәуірі, Бариогенезисhttp://www.yuzhnaya.com.ua/statii/83-bariogenezis.html , Физикалық күштердің, элементар бөлшектердің пайда болу эрасы, Нуклеосинтезnuclphys.sinp.msu.ru/enc/e107.htm, Гравитациялық күштің шешуші рөл атқару эрасы, Ионизация және рекомбинация дәуіріens.tpu.ru/POSOBIE_FIS_KUSN/Электростатика.../08-1.htm, Реликтивті сәулелену эрасы.

Жойқын жарылыс шамамен 13,7±0,059 млрд. жыл бұрын болды. Бұл кезде әлем сингулярлық күйде болған, дүние өлшемдері нөлге тең, температурасы мен тығыздығы 0-ге тең космостық сингулярлық күйде болған, қазіргі кезге дейін ол үздіксіз ұлғаюда және салқындауда болады.

Планк дәуірі - үлкен жарылыстан соң 10-43 секундқа дейін созылды.Ол әлемдік зат энергиясы, қысымы, температурасы өте жоғары, біртекті, изотопты ортада тұрған: температура 1032К және тығыздығы 1093 г/см3 болған.

Космостық инфляция дәуірі - ұзақтығы үлкен жарылыстан 10-35 секундқа дейін болды. Жалпы суреттемесі гравитациялық күштің пайда болуы мен Әлемнің кеңеюі экспонентасы бойымен жүрген. Әлем кварк - глюанды плазмасынан құралған.

Бариогенезис - үлкен жарылыстан 10−34-10−32 с. Мұнда кварктар және глюондар бариондарға біріккен.

Физикалық күштердің, элементар бөлшектердің пайда болу эрасы - қазіргі кезеңдегі физикалық күштердің және қазіргі кездегі белгілі элементар бөлшектердің пайда болуы.

Нуклеосинтез - протондар нейтрондармен бірігіп, дейтерий, Гелий-4, бірнеше жеңіл изотоптардың пайда болуы.

Гравитациялық күштің шешуші рөл атқару эрасы - гравитациялық күш немесе доминантты роль шешуші роль атқаратын кезең.

Ионизация және рекомбинация эрасы - үлкен жарылыстан соң 380 мың жыл өткен соң болды. Ионизация, рекомбинациялар нәтижесінде сутегі атомдарының өмір сүруі мүмкін болды.

Реликтивті сәулелену эрасы - массасы бар материя мөлдір материяға айналады, энергияға, сәулеге айналу процесі жүреді.

Жойқын жарылыс Жойқын жарылыс — Әлемнің бұдан 13.7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел.. Бұл модел қазіргі ғылыми зерттеу мен өлшеулер арқылы белгілі бір деңгейге дейін расталып отыр. Космологтар дәріптейтін бұл теория бойынша, әлем бұрын шекті уақыттың алдында айырықша тығыз, ерекше жоғары темпратураға ие алғашқы күйден өзгеріп келген. 2013 жылғы Планк спутнигі қол жеткізген ең жоғары өлшеулер арқылы аталмыш жойқын жарылыс бұдан 13.798 (± 0.37) миллиард жыл бұрын болған көрінеді.

Жойқын жарылыс теориясы моделі Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын негіз етіп, өріс теңдеулері шешімін (мысалы кеңістіктің біркелкілігі мен біртұтастығы) табуды біршама жеңілдетті.

Дереккөздер

Санат:Космология