Первомайское — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Первомай ауылдық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Әулиекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1638 адам (802 ер адам және 836 әйел адам) болса, 2009 жылы 965 адамды (472 ер адам және 493 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы Чернышевский атындағы астық кеңшарының орталығы ретінде қаланған. 1996 жылдан кеңшар негізінде Первомайскоеде шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жол станциясы — Аманқарағай (51 км).
Дереккөздер
Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері