Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан (1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған) — актер. Қазақстанның Мәдениет қайраткері (2011). Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының және "Екі Езу" әзіл - сқақ театрының директоры..
Толығырақ Нұрлыбек Хайруллаұлы 1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылтыр елді мекенінде дүниеге келген. 1986 жылы Орта мектепті бітірген. 1990 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы Әль - Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты)ның «Мәдени, ағарту жұмыстарын ұйымдастыру» факультетінің театр бөлімін бітірген. 1995 - 1997 жылдары Ақтөбе облыстық филармониясында және Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің театр бөлімінде еңбек етті. 1997 - 1999 жылдары облыстық «Ақтөбе» газетіне меншікті тілші. 1998 жылы құрылған ақтөбелік «Екі езу» эстрадалық-миниатюра театрының негізін қалаушысы болды. 2008 жылы өзінің «Ауылдағы Айтқыштар» атты жинағын жарыққа шығарған. Ол жинаққа интермедиялар мен монологтар, әзілдер мен өлеңдер жиынтығы енгізілген. 2004 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 2010 жылдан Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі. 2013 жылдан Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры.
Марапаттары 2002 жылы Ақтөбе облысының жыл адамы атағы. 2004 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет Грамотасы» мен марапатталған. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері құрметті атағы берілді. 2012 жылы Ақтөбе облысының әкімінің арнайы сыйлығының иегері. 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театр актерлері