Корей тілінде тілдесуші адамның әлеуметтік мәртебесіне (статус) және жынысына, сондай-ақ сөйлеушінің мәртебесіне және (кей жағдайда) жынысына байланысты арнайы қаратпа сөздер бар.
Негізгі қаратпа сөздер Хёң (형 [hyŏng], қыт. 兄 [xiōng]) - інісінің үлкен ағасына жүгінуі (аналог - қыт. 哥哥 [gēge]), бей ресми формада ұжымның кіші мүшелірінің үлкендерге жүгінуі ретінде қолданылады. Қырметті білдіретін "ним" (님) жұрнағын жалғауға болады. Оппа (오빠 [oppa]) - жоғарыда көрсетілген қаратпа сөздің аналогы, алайда қыз баланың өзінен үлкен ағаларына жүгінуге, не болмаса өзінен үлкен жас кісілерге жүгінген кезде қолданылады. Онни (сондай-ақ: унни; 언니 [onni]) - "хён" қаратпа сөзінің қыз балалар қолданатын формасы (аналог - қыт. 姐姐 [jiějie]). Нуна (누나 [nuna]) - кіші бауырының әпкесіне жүгінуі.
Аджосси (아저씨 [ajossi]) - сөйлеушіден жасы үлкен ер адамға құрмет негізіндегі қаратпа сөз (аналог: ағылшын тілінде mister немесе испанша señor). Аджумма (아줌마 [ajumma]) - сөйлеушіден жасы үлкен әйел адамға құрмет негізіндегі қаратпа сөз (негізінен тұрмысқа шыққандар үшін; ағылшынша Mrs. немесе испанша señora). Агасси (아가씨 [agassi]) - сөйлеушіден жасы үлкен, алайда тұрмысқа шықпаған жас әйел адамға құрмет негізіндегі қаратпа сөз (ағышынша miss немесе испанша señorita). Сонбэ (선배 [sŏnbae], қыт. 先辈 [xiānbèi]) - жұмыстағы жас үлкен әріптеске жүгіну. Әріптестің жоғарғы мәртебелігіне байланысты қаратпа сөзге "ним" (님) жұрнағы жалғанады. "ним" жұрнағы тыңдаушының дәрежесі жоғары болған жағдайда мамандығының атауына да жалғанады. Мысалы: директор - 의장 [uijang] + 님 = 의장님 [uijangnim].
Қаратпа сөздердің сыпайылық формасы Негізгі зат есім Сыпайлық формасы Қазақша баламасы 할아버지 (харабоджи) ата 할머니 (хальмони) 할머님 (хальмоним) әже 아버지 (абоджи) 아버님 (абоним) әке 어머니 (омони) 어머님 (омоним) ана 형 (хёң) 형님 (хёңим) аға 누나 (нуна) 누님 (нуним) әпке 오빠 (оппа) 오라버니 (орабоним) ағатай 언니 (онни) әпкетай 아들 (адыльl) 아드님 (адыоним) ұл 딸 (ттал) 따님 (ттаним) қыз
Тағы қараңыз Корей тілі Сыпайылық
Санат:Корей тілі Санат:лингвистика