Қаттыкөл, Аппақ — Ойыл алабындағы көл. Қызылқоға ауданындағы Тасшағыл, Ақтау, Жапалақ шағыл, Құмқұдық аралығын алып жатқан төрт көлден тұратын үлкен сазды алқап жер. Жусан, жантақ, жыңғыл т.б. өседі.

Атаудың сөзжасамдық сипаты Қатты (сын есім) + көл (зат есім, географиялық термин) сөздерінің бірігуінен жасалған атау.

Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде, теңіз деңгейінен 13 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Күрделі пішінді көлдің аумағы 3,8 км2, ұзындығы 13 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 17,2 км. Көлдің оңтүстігін ала бірімен-бірі тармақтармен жалғасқан бірнеше көл тізбектері жатыр. Көктем айларында Ойылдың тармағы - Көздіқара өзенінің тасуынан бұл көлдер Қаттыкөлмен бірігіп кетеді. Суын шабындықты суландыруға және мал суаруға пайдаланады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ойыл су алабы көлдері Санат:Қызылқоға ауданы көлдері