Қарағайлы – Арқат тауларының оңтүстік-батысындағы таулар.
Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Арқат ауылының батысында орналасқан.
Жер бедері Ең биік жері шамамен 850 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған шоқылардың ұзындығы 16 км-ге жуық. Енді жері 5-6 км. Беткейлері тіктеу келген, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстігіндегі жартастардың биіктігі 8 м. Батыс беткейінен Шолақеспе, Батыр өзендері бастау алады.
Геологиялық құрылымы Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шалғынды қызғылт қоңыр топырағында ши, ажырық, жусан, бұталар өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары