Жюль Альфонс Хоффман (; 2 тамыз 1941, Эхтернах, Люксембург) — француз иммунологы және цитологы, физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының 2011 жылғы лауреаты (Брюс Бетлер және Ральф Штейнманмен бірге) «туа біткен иммунитеттің жандандырғаны үшін».

Өмірбаяны Жюль Хоффман французша Оффман. Люксембуртің Эхтернах қаласындағы 1941 жылы 2 тамызда дүниеге келген. 1969 жылы Страсбург университетітінде биологиядан docteur ғылыми дәрежесін алды. 1973—1974 жылдары Германияның Марбург университетінде постдокторлық жұмыспен айналысты. 1964 жылдан 1968 жылға дейін Хоффман француз Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығында ғылыми жұмыспен айналысты. 1974 жылы Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысты. 1978—2005 жылдары 9022 «Иммундық жауаптар және оларға жәндіктердің ағыны» бөлімі директоры болып қызмет етті. 1993 жылдан 2005 жылдары ол сондай-ақ Страсбургте молекулалық және клеткалық биология институтын басқарды.

Жюль Хоффман бірнеше академиялардың мүшесі, оның ішінде ол неміс Леопольдинаның, Француз ғылым академиясы, Еуропалық Академия, EMBO, Америка өнер және ғылым академиясы. Сонымен қоса, Хоффман 2006 жылдан Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі.

Марапаттар 2003 — Уильям Кэри атындағы сыйлық 2004 — Роберт Кох сыйлығы 2007 — Бальцан сыйлығы Брюс Бетлермен бірге 2010 — Медицина бойынша Кейо сыйлығы 2010 — Розенстил сыйлығы (Руслан Меджитовпен бірге)Список лауреатов на сайте премии Розенстила 2011 — Шао сыйлығы (Брюс Бетлермен және Руслан Меджитовпен бірге) 2011 — Ғылыми зерттеулер ұлттық орталығының алтын медалі 2011 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы Брюс Бетлер және Ральф Штейнманмен бірге

Қайнаркөзі

Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Франция иммунологтары Санат:Француз ғылым академиясының мүшелері Санат:РҒА шетелдік мүшелері Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:Люксембург ғалымдары Санат:Леополдина мүшелері Санат:2 тамызда туғандар