Спасск — Қарағанды облысы Абай ауданы, Құрма ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Облыс орталығы – Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде.
Тарихы Спасск – революцияға дейін Қазақстанға қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының орталығы болған жер. 1902 жылы Спасск мыс қорыту зауытында орыс-қырғыз мектебі ашылды. 1931 жылы наурызда Спасск Қарағандының еңбекпен түзету лагерінің қарамағына берілді (Қарлаг). 1948 жылы әскери тұтқындарды жаппай Отанына қайтару басталды. 1950 жылдың жазында КСРО ІІМ нұсқауы негізінде әскери тұтқындардың № 99 лагері біржола таратылып жойылды. Ауылдың оңтүстігіне қарай 10 км жерде Спасскіде қайтыс болған саяси және әскери тұтқындар зираты (Спасск мемориалы) бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен145 73 48 65,8 38 24 63,2 35 24 68,6
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері