Құтырған – Күрті алабындағы өзен, Қарақастек өзенінің тармағы.
Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 29 км.
Бастауы Қарақастек ауылынан төменде жылғалардан бастау алыпТопографиялық карта 43-033, Алматы-Тарғап автомобиль жолынан төменде Қарасу өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Жағалауы тік жарқабақты келген. Көктем айларында тасиды, сел жүру қаупі бар. Арнасында жыл бойы су болады. Аңғары толығымен дерлік игерілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері