Буньявирустар () — күрделі вирустар тұқымдасы. Құрамы бір жіпті, үзілмелі, сақиналы РНҚ; пішіні сфера тәрізді, көлемі 90-100 нм. Арбовирустар тобына жатады. Адамға, малға буынаяқтылар (масалар, шіркейлер, кенелер) арқылы тарайды. Бұл вирустардың көпшілігі безгек, энцефалит ауруларын қоздырады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Вирустар