thumb|right|200px|Гипоксантин Гипоксантин () - пуриндік негіздердің аэробтық жағдайда ыдырауы нәтижесінде түзілетін органикалық зат. Хим. формуласы = C5H4N4O Моляр. массасы 136.112 г/моль.
Адениннің дезаминденуінің немесе инозиннің гидролизінің нәтижесінде түзіледі. Қыша жəне бөрібұршақ өсімдіктерінің дəндерінен бөлініп алып зерттелген. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында нуклеин қышқылдарының құрамында болады (негізінен т-РНҚ құрамында). Құрамында екі макроэргтік байланысы бар инозинүшфосфор қышқылының (ИҮФ) азаттық негізі гипоксантин болып табылады. Организмде гипоксантин ксантиноксидаза ферментінің қатысуымен алғаш ксантинге, содан кейін несеп қышқылына дейін ыдырайды. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі
Дереккөздер
Санат:Пуриндер Санат:Азот қосылыстары