Опциондық келісім () — алдын ала жасалған лицензиялық келісім, бұл келісімге сәйкес лицензиат өзі назар аударған техника объектісімен неғұрлым ұзақ танысу құқығын алды. Әдетте, келісім ноу-хау беру кезінде жасалады, мұнда лицензиар лицензиялық келісімге қол қойылғанға дейін өндірістің құпиясын ашқысы келмейді, ал лицензиат мәні өзіне мәлім емес ғылыми-техникалық жетістікті сатып алғысы келмейді. Белгілі бір соманы төлегеннен кейін лицензиат техника объектісімен танысу, оны сынақтан өткізу құқығын алады.Қаржы-экономика сөздігі. Алматы

Дереккөздер

Санат:Азаматтық құқық Санат:Құнды қағаздар нарығы Санат:Бизнес