Түбітті ешкі - узақ уақыт сұрыптап, халықтық селекция әдісімен шығарылған ешкі. Түбітті ешкі әр түсті болып келеді.

Ешкісі күзде орта есеппен 44-45 кг, көктемде 36-38 кг, текесі күзде 70-75, көктемде 55-65 кг-да дейін тартады. Ешкісінен 120-350 г, текесінен 580-610 г түбіт алуға болады. Түбітің талшығы басқа ешкі тұқымдастарынан ұзындау, яғни орташа есеппен 5-7 см және жіңішкелігі 14,7 мкм. 18-20 айлығында ғана шағылысқа түсіріледі. 100 ешкіден 130-140 лақ алынады. Түбітті ешкі Ресейде Орынбор облысында ғана өсіріледі. Қазақстанда өте аз, басқа ешкі тұқымдарымен будандастыру үшін пайдаланылады. Тұқым жақсарту жұмысымен Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми зерттеу институты айналысуда.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-

Дереккөздер

Санат:Ешкі тұқымдары