Қарауыл — Абай облысы Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 124 адам (65 ер адам және 59 әйел адам) болса, 2009 жылы 101 адамды (59 ер адам және 42 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданының таратылған елді мекендері