Кенгуру-қосаяқ () – сүтқоректілер класы, кеміргіштер отряды, қалталы секіргіштер тұқымдасының бір тегі. Ол Америка Құрама Штаттарының батыс және оңтүстік-батысының далалық аймақтарында тараған.

Ордтық кенгуру-қосаяқ Канаданың оңтүстігі мен Мексикаға дейін созылатын Каска таулары мен Жартасты тауларда тіршілік етеді.

Кенгуру-қосаяқтың сыртқы келбеті де, мінез-құлқы да, ортаға бейімділігі де әртүрлі.

Сан Джоакиндік кенгуру-қосаяқтың басқа қосаяқтардан айырмашылығы – саусағында, оның төрт саусағы болса, басқаларында бес саусақтан бар.

Жылтыр жүнді, томпиған жұмсақ денелі, артқы аяқтары – ұзын, сопақша келген қара көздері мен кішкентай құлағы бар кенгуру-қосаяқтар сүйкімді болып көрінеді.

Арқа жүні – сары, қошқыл қоңыр түсті, құрғақ жағы – ақ түсті. Жалпақ ақ жолақтармен өрнектелген құйрығы – ұзын, алдыңғы аяқтары – өте қысқа. Сондықтан оны «екіаяқты» деуге де болады. Тепе-теңдікті сақтауы үшін толығымен түк жапқан ұзын құйрығын жерге тіреп, төрт саусақты артқы аяқтарымен секіріп немесе төрт аяқтап қозғалады.

Кенгуруден айырмашылығы – олардың азу тістерінің жақсы жетілгендігі. Кенгуру-қосаяқтың 32-34 тісі болады.

Дене тұрқы әр түрінде әр алуан: 22-ден 35 см-ге дейін. Салмағы – 1 – 3 келі. Ең ірісі – жалау құйрықты кенгуру-қосаяқ.

Кенгуру-қосаяқтың басты қорегі – дән. Кей түрлері суккуленттермен (тікенекті өсімдіктермен), барлық шөп атаулымен және жәндіктермен қоректенеді.

Жылына бірнеше рет көбейеді. Кенгуру-қосаяқтың баласы дүниеге тіссіз, жүнсіз, көзі мен құлағы ашылмағаң денесі әжімделген қызыл шақа күінде келеді.Ж 27 ЖАНУАРЛАР. - Алматы: «Аруна» баспасы. - 208 бет. - Сер.: «1100 қызықты дерек».

Дереккөздер

Санат:Кеміргіштер