Алисия Жасмин Дебнем-Кэри (; 20 шілде 1993, Сидней) — аустралиялық актриса.
Өмірбаяны Алисия Дебнем-Кэри 1993 жылы Сиднейда, Жана Оңтүстік Уэльста, Аустралияда дүниеге келді.
2011 жылы Newtown High School of the Performing Arts соқпалы музыкалық аспап классында бітірген.
Жоғары көрсетілген мектебінде оқыған кезінде 2010 жылдың қарашасында Алисия Аустралияның басқа да музыканттарымен Берлин филармониясы өткізген концерттерге қатсықан. Мектепті бітіргеннен кейін Лос Анжелесқа көшті.
Мансабы Алисия 8 жасында австралияндық актриса Рэйчел Уордтың «Martha’s New Coat» атты қысқа метражды фильмінде түсіп танымал болды.
Содан кейін ол «Маклеодтың қызы», «Би академиясы» сериалдарыңда шағын рөлдерді ойнады.
2012 жылы Алисия Хит Леджер актерлік стипендиясына үміткерлердің қатарына кіріп «Келесі аялдама – Голливуд» реалити-шоуына түсті.
Сол жылы ол «Шайтан қолы» американдық фильмінде басты рөлді сомдады. Бұл фильмнің тұсаукесері 2014 жылы өтті.
2014 жылы «Штормға қарсы» фильма-катастрофаның релизі болып, Алисия танымал болды.
2014 жыл күзінде актриса «100» жобасында түсті. Бұл сериал The CW арнасымен қаржыландырылады және Алисия онда Лексаның рөлін айнайды. Дебнем-Кэридың сөзі бойынша болашақтағы жер тұрғындарының көшбасшысын сомдау өте қызықты және өте қиын болды. Бұл кейіпкер көрермендерге ұнағандықтан режжисер Джейсон Ротенберг оны болашақта көрсетуге тілегін білдірді.
2014 жылдың желтоқсаныңда Алисия «Тірі өліктер» сериалында басты рөлдердің бірін ойнайтыны белгілі болды. Бұл жоба жемісті болып, оның жалғасы 2016 жылы шығады.
Фильмографиясы Фильмдер ЖылАтауы (қазақша) Атауы (ағылшынша)Рөлі2003Мартаның жаңа пальтосыMartha's New CoatЭлси2008Пазл-қызJigsaw GirlКейтлин2008Өмір арманы Dream LifeКэсси2010Тату жасайтын адамдаAt the TattolistДжейн2011БөлімThe Branchқыз2014Штормға қарсыInto the StormКейтлин Джонсон2014Шайтан қолыThe Devil's handМэри Браун2016Дос болуға өтінішFriend RequestЛаура Телевизия ЖылАтауы (қазақша)Атауы (ағылшынша)Рөлі2006Маклеодтың қыздарыMcLeod's DaughtersХлои Сэндерсон2010ҚарсыласуResistanceЖеневьева Леоне2003Би АкадемиясыDance AcademyМиа2013Келесі аялдама - Голливуд Next Stop Hollywoodөз өзін ойнайды2014ГэлинтайнGalyntineЭссин2014Голливудта жасалғанMade on Hollywoodөз өзін ойнайды2014 - қазіргі уақыт100The 100Лекса2015 - қазіргі уақытТірі өліктан жасқанынызFear the Walking DeadАлисия Кларка Дереккөздер