Георгий Жуков (нидерл. Georgi Zjoekov; 19 қараша 1994 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/235755, Семей, Қазақстан) — қазақстандық және бельгиялық футболшы, «Ақтөбе» футбол клубының және Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Жастық шағы 1994 жылы 19 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. 5 жасында Бельгия еліне көшіп, сол жерде футболға қызығушылық танытты. Георгийдің әкесі жас кезінде жеңіл атлетикамен айналысқан.

Клубтық мансабы 2012 жылы карьерасын туған клубы "Беерсхотта" бастады. 2012 жылы 18 қарашада Бельгия чемпионатындағы тұңғыыш ойынын "Локеренге" қарсы өткізді.

2013 жылы жазда "Стандардқа" ауысты. Көп ұзамай "Астана" клубына жалға беріліп, 2014 жылы Қазақстан чемпионы атанды әрі Қазақстан азаматтығын алды[http://www.sports.kz/news/jukov-pereshel-v-kayrat-i-budet-vyistupat-za-sbornuyu-kazahstana Георгий Жуков Қазақстан азаматтығын алды. Енді Қазақстан құрамасында ойнайды].

2016 жылы жазда "Орал" клубына ауыстыhttp://www.championat.com/football/news-2526328-ural-podpisal-trjohletnij-kontrakt-s-igrokom-standarda-zhukovym.html.

2016 жылы желтоқсанда "Қайрат" клубымен келісім шарт жасасты.

Ұлттық құрама Георгий Жуков 19 жасында 2013 жылы Бельгияның жастар құрамасында Грекия командасына қарсы өткен кездесуде дебюті өтті. Ал 2014 Қазақстан Ұлттық құрамасына шақыру алып сол жерде ойнады.

Жетістіктері Астана

Қазақстан чемпионы: 2014, 2015 Қазақстан суперкубогы: 2015 Қайрат

Қазақстан чемпионатының күмс жүлдегері (2): 2017, 2018 Қазақстан кубогы (2): 2017, 2018 Қазақстан суперкубогы 2017 Қазақстан суперкубогының финалисі (2): 2018, 2019 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бельгия футболшылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары