Барух Самуэль Бламберг (; 28 шілде 1925 жыл, Нью-Йорк — 5 сәуір 2011 жылBaruch Blumberg died at 86, Калифорния) — американдық дәрігер және ғалым, 1976 жылғы Карлтон Гайдушекпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері«Baruch S. Blumberg — Autobiography.» Nobel Prize.«Hepatitis B: The Hunt for a Killer Virus» Princeton University Press..
Өмірбаяны Бламберг Бруклинде, қорғаушыы Меер Блумберг пен Ида Симоновтың — Ресейден қоныс аударған еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген. Флэтбуште оқыған, яһудилік діни мәтіндерін оқи білген, ежелгі еврей тілінде оқып-жазуды үйренген. Осы мектепте сондай-ақ, басқа Нобель сыйлығының иегері Эрик Кандел оқыған.
1940 жылдардың басында білімін Фар-Рокуэй мектебінде жалғастырды, бұнда Бертон Рихтер және Ричард Фейнман сияқты атақты ғалымдар оқығанSchwach, Howard. «Museum Tracks Down FRHS Nobel Laureates» , The Wave (newspaper), April 15, 2005. Accessed October 2, 2007. «Burton Richter graduated from Far Rockaway High School in 1948.». Мектептен соң — АҚШ флотының қатарында, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ол 1945 жылы Шененктадидегі (Нью-Йорк) Юнион колледжін үздік дипломмен бітірді.
Колумбия университетіне түсіп, Колумбия дәрігер-хирургиялық колледжінде оқып, 1951 жылы магистр дәрежесін алды. Келесі төрт жылда ол негізінен интернатурада, содан кейін Columbia Presbyterian Medical Center-де тағылымдамадан өтті. Содан кейін биохимиямен айналысып, Баллиол-колледжде, Оксфордте оқуын жалғастырды. 1957 жылы докторлық диссертацияны қорғады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Нобельдік комитетінің сайтынан ақпарат Бламберг (Blumberg), Барух n-t.ru сайтында
Санат:АҚШ вирусологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Оксфорд университеті түлектері Санат:Юнион-колледж түлектері