Қашқантеңіз – Балқаш көлінің батысындағы шығанақ.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында. Шығанақтан 7-9 км батысында Қашқантеңіз көлі жатыр.
Сипаты Шығанақ құрлыққа 14 км сұғына еніп жатыр, ені 9,5 км, ауданы 71 км2, тереңдігі 5 м-ге жетеді. Бірнеше ұсақ аралдары бар. Жағалауында шағылды жусан өседі.
Геологиялық құрылымы Тік жарлы жағасы девон және тас көмірдің тақтатас, мергель, конгломерат, құмтас жыныстарынан түзілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Балқаш көлі шығанақтары Санат:Жамбыл облысы географиясы