Пантелеймон Кондратьевич Пономаренко (9 тамыз 1902 — 18 қаңтар 1984) — қоғам және мемлекет қайраткері, елші, генерал-лейтенант (1943). 1954 жылдың ақпанынан 1955 жылдың тамызына дейін Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды.
Өмірбаяны нобай|оңға|Партизандық қозғалыстың Орталық штабы басшысы қызметінде нобай|оңға|Әскери мундирінде Краснодар жұмысшы факультетін (1927), Мәскеу көлік инженерлері институтын (1932) бітірген. 1938 жылға дейін әскер қатарында болды, инженерлік қызмет атқарды. 1938 ж. БК(б)П ОК аппаратында нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары 1938 — 47 ж. Белоруссия К(б)П ОК-нің 1-хатшысы 1942 — 44 ж. Жоғарғы Бас командование ставкасы жанындағы орталығы партизан қозғалысы штабының бастығы 1944 — 48 ж. Белоруссия ХКК-нің, Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1948 жылдан БК(б)П ОК-нің хатшысы 1950 — 53 ж. КСРО Дайындау министрі, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1953 — 54 ж. КСРО Мәдениет министрі. 1954 жылдың ақпанынан 1955 жылдың тамызына дейін Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды. Пономаренко Қазақстанды басқарған кезде тың және тыңайған жерлерді игеру қарқынды түрде жүріп, республикаға басқа ұлт өкілдері көптеп әкелінді. 1955 — 62 ж. КСРО-ның Польшадағы, Үндістандағы, Непалдағы, Нидерландтағы елшісі 1961 — 62 ж. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте Кеңес Одағының өкілі. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.Ғали Ә., Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның бірінші басшылары, Аст., 2001
Дереккөздер
Санат:Краснодар өлкесінде туғандар Санат:КСРО генералдары Санат:КСРО министрлері Санат:Қазақстан Компартиясы бірінші ОК хатшылары Санат:КСРО елшілері