Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті — Ақтөбе қаласында орналасқан жоғары оқу орны.

Тарихы Негізі 1935 жылы қыздар мұғалімдер институты ретінде қаланды. 1954 жылы ол Н. Байғанин атындағы Ақтөбе педагогика институты деп аталды. 1958 жылы институт таратылып, 1966 жылы қайта ашылды. Қазақ КСР - і Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 23 ақпандағы № 72 қаулысымен Ақтөбе педагогикалық институтына қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, лингвист-ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі берілді. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 қаулысы бойынша құрамынан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бөлініп шығуына байланысты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті қайта құрылды.

Факультеттер

Физика-математикалық факультеті Жаратылыстану факультеті Филология факультеті Техникалық факультет Тарих факультеті Экономика және құқық факультеті Шет тілдер факультеті Кәсіби-шығармашылық факультеті Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті Heriot-Watt халықаралық факультеті

Дереккөздер

http://arsu.kz/kk

Санат:Қазақстан университеттері Санат:Ақтөбе жоғарғы оқу орындары