Дереккөздер

Агара́к () — Армениядағы Сюник облысының оңтүстік бөлігіндегі қала. Агарак қаласының халқы 2026 жылы 5 112 адамды құрады. Агарак - Армениядағы 59 қаланың бірі және халқының саны бойынша Арменияда 50-ші орында.

Географиялық сипаттамасы Агарак Иранмен бір шекарада Мегриға оңтүстік- батыстан 9 км арақашықтықта орналасқан. Аракс өзенінің сол жақ жағалауында, үш жағынан Зангезур жоталарының бөктерімен қоршалған.

Тарихы Агарак 1949 жылы әскери ауыл ретінде қалыптасқан. Ал 1954 жылы қалалық үлгідегі ауыл статусына ие болды. 1990-шы жылдары қала статусын алды. Агарак — кен өндіру қалашығы және түсті металлургияның орталығы, 1853 жылы онда мыс-молибден кен орны ашылды. Кейінірек, 1958 жылы ауылда карьері мен өңдеу зауыты бар мыс-молибден зауыты жұмыс істей бастады. Зауыт 1989 жылға дейін жұмыс істеді, ал жұмысы 2000 жылы қайта жанданды.

Тұрғындары Тұрғындарының динамикасы кестеде берілген. Жылы 1972Акопян Т. Х., Мелик-Башхян Ст. Т., Барсегян О. Х. Словарь топонимов Армении и прилегающих территорий = Հայաստանի և հարակից շրջանների տեղանունների բառարան. — Ер.: Изд-во Ереванского университета, 1986. — Т. 1. — 992 с. — 30 000 экз. 1979 2001 2009http://www.armstat.am/file/article/marz_09_41.pdf 2010http://www.armstat.am/file/doc/99467713.pdf 2011 2012http://www.armstat.am/file/article/marz_12_43.pdf 2013http://www.armstat.am/file/doc/99479038.pdf 2014http://www.armstat.am/file/RegStat/marz/MARZ_09.pdf Тұрғындар саны 3800 4073 4801 4872 4881 4908 4929 4443 4386

Экономикасы және инфрақұрылымы Қала экономикалық тұрғыдан, әсіресе Иран мен Армения арасындағы сауда үшін маңызды, себебі екі ел арасындағы жалғыз шекара өткелі қаланың оңтүстігінде орналасқан. Қаланың солтүстігінде үлкен ашық мыс-молибден кеніші орналасқан. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ үшін туындаған қақтығысқа байланысты 1989 жылдан бері қызмет бірнеше рет үзіліп, жанданды.

Иран туризмі Агаракта дамып келе жатқан сала болып табылады. Көптеген ирандық туристер Мегри мен Агаракта мейрамханаларға, кафелерге және дүкендерге бару үшін аялдайды.

Туыстас қалалар Солигорск, Беларусь

Галерея

Дереккөздер

Санат:Армения қалалары Санат:Сюник облысы қалалары