Ұзынкөл – Есіл алабындағы ағынды көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Астрахан ауданының батысында, Есіл өзенінің сол жағында, өзімен аттас ауылдың жанында орналасқан. Теңіз деңгейінен 284 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аудан 8,9 км2 (кей жылдары 6,9 км2). Ұзындығы 4,2 км, енді жері 3,7 км. Жағалау бойының ұзындығы 12,4 км. Су жиналатын алабы 32,9 км2. Көл аңғарлы, жағалауы аласа, түбі лайлы келеді. Суы мол жылдары Есіл өзені тасыған кезде Ұзынкөлге құйылады. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Қар және жер асты сумен толығады. Суы тұзды, кермектілігі жоғары. Суда жүзетін құстардың ұя салатын орындары бар.

Санат:Астрахан ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы