Қайнар (2017 жылға дейін — Щербаковское)Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Тассуат ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Құланөтпес өзенінің оң жағалауында, аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстікке қарай 112 км жерде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1381 1279 994 77,7 636 504 79,2 643 490 76,2
Тарихы Іргесін 1955 жылы Мәскеудің Щербаков ауданынан келген тың игерушілер қалаған. 1976-1995 жылдары Нұра ауданының мал бордақылау бірлестігі аталды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты – етті мал өсіру, қосымша саласы – астық шаруа. Кеңшар негізінде 1996 жылы 1 шаруа қожалығы, “Қайнар” ЖШС құрылған. Жерінің жалпы ауданы — 108,0 мың га.
Инфрақұрылымы Ауылда клуб, мектеп, кітапхана, ОДА, мәдени орталықтар жұмыс істейді. 1962 жылы егістікте шыққан өртті сөндіруде ерлікпен қаза болған ауыл механизаторлары Владимир Котешков пен Никол Грибовка «Отты факторшылар» атты ескерткіш қойылған. Котешков есімімен Щербоковскоеда көше аталады (мемориалды тақта бар). Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы елді мекендері