Антонин Дворжак (; 8 қыркүйек 1841 жыл, Прага маңындағы Нелагозевес деревнясы — 1 мамыр 1904 жыл, Прага) — Чехия композиторы, дирижер, Чех ҒА-сы мен өнерінің мүшесі (1890). Прага консерваториясының директоры (1901) әрі профессоры (1891) болған. 1892-95 ж. Нью-Йорктегі Ұлттық консерваториясының директоры.
Антонин Дворжак - чех классикалық симфониясының күлкілі аңыз-опера жанрының ("Русалка") негізін салушысы. Бедржих Сметана дәстүрін дамытқан Антонин Дворжак музыкалық образдарды психологиялық жағынан тереңдете отырып, профессионалдық чех музыкасын халықтық әуен-ырғақпен байыта түсті.
Антонин Дворжак творчествосында чех халқының дәстур-салты, табиғат көріністері терең гуманисттік рухта, каһармандық пафоста шешім тапты. Антонин Дворжак музыкасы тыңдаушысын өміршеңдігімен, нәзік лиризімімен, зілсіз юморымен баурайды Бэлза И.Ф., Антонин Дворжак, М.-Л., 1954 жыл.
Дереккөздер
Санат:8 қыркүйекте туғандар Санат:1 мамырда қайтыс болғандар Санат:Чехия сазгерлері