Қобыкөл, Құбакөл — Теңіз көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы, Есенкелді ауылының оңтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 348 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 8 км2 (суы мол жылдары 10 км2), ұзындығы 4 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13 км. Суының жоғарғы деңгейі сәуірде, төменгі деңгейі қазан айында, су деңгейі жылына 0,3 м-ге ауытқып отырады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Жағалауы батпақты, қамысты келген. Көл мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Атбасар ауданы көлдері