Қалғұтты – Шаған алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 46 км.
Бастауы Бастауын Ақшатау жотасының оңтүстік-шығыс етегіндегі бұлақтардан алып, Ақши қыстауынан төменде жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Арнасы бастауында ғана шатқалды, одан төменгі арнасы тауаралық сайлы-жыралы аңғармен ағады. Ақши, Ақкілет қыстаулары маңында тарамдалып кетеді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Аңғары мал жайылымына қолайлы.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы өзендері Санат:Шаған су алабы