Хван Сергей Корнилович (1928 жылы туған, Қиыр Шығыс өлкесі, Владивосток қаласы) – ұстаз. Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі. Орал педагогика институтын бітірген (1949). Қима орта мектебінде мұғалім (1949 – 1950), Ерейментау ауданы Бестөбе орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі (1950 –1957), Жақсы орта мектебінде директор (1957 – 1970), (1980 – 1988), Жақсы ауданы халыққа білім беру ісінің меңгерушісі (1970 – 1980) болып қызметтер жасаған. Медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер