«Жұлдызды соғыстар: Эпизод VII - Күштің оянуы» () — Lucasfilm және Bad Robot Productions бірлесіп шығарған, Лоуренс Кэздан мен Майкл Арндттың сценарийі бойынша түсірілген режиссёр Дж. Дж. Абрамстың эпикалық ғарыштық операсы. «Жұлдызды соғыстар» сагасының және «Скайуокерлер сагасының» жетінші эпизоды. «Жұлдызды соғыстар: Эпизод VI - Джедайдың оралуы» фильмінің хронологиялық жалғасы және сиквелдер трилогиясының бастамасы. Бұл франшизадағы Джордж Лукастың сценарийінсіз және продюсерлік қатысуынсыз түсірілген алғашқы фильм.

Фильмнің тұсаукесері 2015 жылы 14 желтоқсанда Лос-Анджелесте, 15 желтоқсанда Лондонда өтті. Фильм прокатқа АҚШ-та 18 желтоқсанда, Қазақстанда 17 желтоқсанда шықтыhttps://www.theguardian.com/film/2015/sep/09/star-wars-the-force-awakens-europe-us-british-jj-abramshttps://almaty.tv/kz/news-archive/news/zh-ldyzdy-so-ystar-k-sht-oyanuy-atty-film-aza-sha- . Фильмнің түсірілімі жайлы 2012 жылдың 30 қазанындаhttps://www.cultture.com/el-nuevo-episodio-de-star-wars-vii-comienza-a-principios-2013 Walt Disney компаниясы Lucasfilm компаниясын сатып алғаннан кейін белгілі болдыhttps://www.elperiodico.com/es/ocio-y-cultura/20121030/disney-compra-lucasfilm-proyecta-star-wars-7-2238720.

Фильм прокатта түсімдер бойынша тарихи рекордтар орнатты. Алғашқы уикендте АҚШ-та ($248 млн), әлемде ($529 млн); бар болғаны 12 күнде ($1 млрд) табыс тапты. Фильм АҚШ пен Канадада ($936 млн) табыс жинап, Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмінің жергілікті прокаттағы рекордын жаңартты.https://www.starwars.com/news/thank-you-star-wars-the-force-awakens-becomes-the-1-film-of-all-time-in-the-ushttps://www.vanityfair.com/hollywood/2016/01/star-wars-box-office-recordhttps://www.boxofficemojo.com/release/rl876971521/

Сюжет Фильм оқиғалары Империя құлағаннан 30 жылдан кейін басталады.Люк Скайуокер,соңғы джедай,із түссіз жоғалып кетеді.Империя күлінен Жаңа тәртіп атты жаңа түнек мемлекеті құрылады.Оны Түнек күшінің билеушісі Сноук,оның оң қолы - Кайло Рен басқарады.https://www.boxofficemojo.com/movies/?id=starwars7.htm

Рөлдерде Дэйзи Ридли — Рэй Джон Бойега — Финн Оскар Айзек — По Дэмерон Адам Драйвер — Кайло Рен (Бен Соло) Энди Сёркис — бас қолбасшы Сноук Донал Глисон — генерал Хакс Харрисон Форд — Хан Соло Кэрри Фишер — генерал Лея Органа Марк Хэмилл — Люк Скайуокер Энтони Дэниелс — C-3PO Питер Мейхью — Чубакка Кенни Бейкер — R2-D2 Люпита Нионго — Маз Каната Гвендолин Кристи — капитан Фазма Макс фон Сюдов — Лор Сан Текка Юэн Макгрегор — Оби-Ван Кеноби (дауысы)

Қазақша дубляж Сәуле Тұрдақынова — Рэй Шах-Мұрат Ордабаев — Финн Самат Қордабай — По Дэмерон Жасұлан Байсалбеков — Кайло Рен (Бен Соло) Ислам Зейноллаев — бас қолбасшы Сноук Бақытжан Жармұхамбетов — генерал Хакс Бекболат Құрманғожаев — Хан Соло Тынышгүл Сұлтанбердиева— генерал Лея Органа Қайрат Мүкішев — C-3PO Гүлназ Әуесбаева — Маз Каната Ақмарал Әбдірахманова — капитан Фазма Болат Ыбраев — Лор Сан Текка

Дубляж режиссері — Тимур Балымбетов Аудармашы — Диана Сабазова Мәтінді үйлестірушілер — Салтанат Дүнгенбаева, Тимур Балымбетов Жоба менеджері — Айгүл Байбек Жоба жетекшісі — Әсет Әбдуәлиев Шығармашылық кеңесшісі— Сергей Пасов Дыбыс операторы — Данияр Касымжанов

Дубляж жасаушы студия— «Aray Media Group» Сәйкестендіру студиясы — «Shepperton International» Қазақша нұсқасын шығарған — Disney Character Voices International, Inc.

Басқа рөлдерде Азамат Есқұлов Зере Мерген Алтынай Нөгербек Жандәулет Батай Мұрытжан Махмұт Хазірет Төлегенов Мирас Жақыпов

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

«Жұлдызды соғыстар: Эпизод VI - Күштің оянуы» StarWars.com сайтында

Санат:Жұлдызды соғыстар Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:2015 жылғы фантастикалық фильмдер