Әбу Ләйлі II Мұғауия ибн Йазид (; 661—684) — әкесі I Йазидтың өлімінен кейін жарты жыл шамасында билік еткен Умәйя әулетінің халифі. Умәйя әулетінің суфйанидтер тармағының соңғы мүшесі.
Өмірбаяны 661 жылдың 28 наурызында дүниеге келген. Саясатқа қызығушылық танытпаған және бірде өз сөзінде мұрагер болғандықтан ғана халиф атанғандығын айтқан. Оның билігінің тұсында Абдуллаһ ибн әз-Зубайрмен арады қақтығыс болды.
684 жылдың маусым айында тақтан бас тартып, бір ай өткенен кейін қайтыс болады.
Дереккөздер
Санат:Умәйя әулетінің халифтері