Анжелика Синглтон Ван Бюрен, тумысында Анжелика Сара Синглтон (; 13 ақпан 1818 – 29 желтоқсан 1877) - Америка Құрама Штаттарының сегізінші президенті Мартин Ван Бюренның келіні. Президенттің ұлы, Абрахам Ван Бюренмен некеде болды. Бірінші ханымның қызметін Мартин Ван Бюреннің әйелі Ханна Ван Бюрен 1819 жылы қайтыс болған соң атқарды. Ханнаның Бірінші ханым болғанын американдықтар әлі күнге шейін білмейді, ал Мартин Ван Бюрен жұбайының қазасынан кейін өмірінің соңына дейін бойдақ болып қалды.
Өмірбаяны солға|нобай|232x232 нүкте|Анжелика Ван Бюрен Анжелика Синглтон Веджфилд, Оңтүстік Каролинада дүниеге келді. Ол Ричард Синглтон мен оның әйелі Ребекка Тревис Колстың қызы болды. Зиялы қауымда өскен Анжелика Ақ үйге көп жаңа және таңдамалыны әкелді. Бұның арқасында Бірінші ханымның рөлі одан да қызығырақ және көтеріңкі болып есептелді. Анжелика Абрахам Ван Бюренге 1839 жылы 14 ақпанда Веджфилде тұрмысқа шығады. Мартин Ван Бюрен 1841 жылы президенттік сайлауда жеңілгеннен кейін Анжелика және оның күйеуі Мартинның үйінде тұрды. Олар бұрынғы президентті қолдап, оған қамқорлық жасады, себебі Мартин Ван Бюрен жалғыз тұрды және оның басқа туысқандары болмаған. Олар Линденуолд, Киндерхук қаласы, Нью-Йорк штатында тұрды. Қыста олар Оңтүстік Каролинадағы Анжелика Синглтонның үйінде тұратын. 1848 жылдан бастап Анжелика Нью-Йоркта өмір сүрді.
Синглтон зиратында көмілген.
Сыртқы сілтемелер Анжелика Ван Бюрен