«Ай сәулесі» () — Рон Козлов пен Тревор Мэнсон жасаған америкалық мистикалық-драмалық телесериал. Шоу CBS телеарнасында 2007 жылғы 28 қыркүйектен 2008 жылғы 16 мамырға дейін көрсетілді.
2008 жылғы 13 мамырда CBS ресми түрде сериалдың тоқтатылғанын мәлімдеді. Осыдан кейін Warner Bros. компаниясы сериалды басқа арналарға ұсынуға тырысқанымен, нәтиже болмадыTV Guide Staff. .
Мазмұны
Мик Сент-Джон — жеке детектив әрі сонымен қатар вампир. 1952 жылы, оған отыз жас болғанда, ол әдемі Каролинаға үйленді. Кейін анықталғандай, Каролина үш жүз жастағы вампир болып шықты. Микпен мәңгі бірге болуды қалаған ол алғашқы неке түні оны вампирге айналдырып жібереді, содан кейін Мик одан кетіп қалады. 1985 жылы Каролина Бет Тёрнер есімді төрт жасар қызды ұрлап кетеді. Беттың анасы Микті қызының ізін табу үшін жалдайды. Мик Бет пен Каролинаны тапқан кезде, ол өзінің бұрынғы әйелімен шайқасқа түседі, нәтижесінде Каролина өлді деп есептеледі. Содан бері Мик Беттен көз жазып қалмай, оны табиғаттан тыс қауіптерден жасырын түрде қорғап жүреді, бірақ өзі байқалмай қалады.
Қазіргі уақытта Мик әлі де жеке детектив болып жұмыс істейді, тірі адам қанын ішуден бас тартады және қарапайым адамдарға көмектеседі. Бет интернет-журналистке айналған, жиі қауіпті жағдайларға тап болады, олардың көбі вампирлермен байланысты. Ол кісі өлтіру ісін зерттеу кезінде Микпен қайта кездеседі, бірақ оны есінде сақтамаған еді. Ақырында Бет Миктің кім екенін біледі және тіпті онымен романтикалық қарым-қатынас орнатады, бірақ Миктің ең жақын досы, төрт жүз жастағы Джозеф Костан оған өлімді адамдармен қарым-қатынасқа араласпауға кеңес береді. Алайда кейін Мик пен Беттің өміріне таңғаларлық шындық араласады — Каролина тірі екені және қандай да бір жолмен адамға айнала алғаны анықталады. Бұл — Миктің ең үлкен арманы болатын…
Рөлдерде
Негізгі құрамы Алекс О ' Лафлин — Мик Сент-Джон, жеке детектив және 85 жастағы вампирHowland, Kara Episode Recap: "No Such Thing as Vampires" (недоступная ссылка — история). . Көптеген вампирларға қарағанда, Мик адамдығын жлғалтпау үшін, адамдарға себепсіз шабуылдамайды. Қанды тек донорлардан ішеді немесе мәітханада жұмыс істейтін Гильермо атты вампирдан сатып алады. София Майлс — Бет Тернер, Buzz Wire сайтында жұмыс істейтін сүйкімді, қызығушылығы мол қыз . Ол прокурор болып істейтін Джопен жақын қатынаста. Бірақ оның өмірі өзінің кім екенін жасырып жүрген Микті кездестіргеннен кейін өзгереді. Мику Сэн-Джонға бірте-бірте ғашық болады. Джейсон Доринг — Джозеф Костан, төртжүз жасар вампир және Миктің жақсы досы мен тәлімгеріLowry, Brian. «The Ringer». . Джозеф сондай-ақ, Мик сияқты өзіне қатаң моральдық шектеулер қоймайды«No Such Thing as Vampires». . Шэннин Соссамон — Коралина Дювал, Микті вампирге айналдырған, оның бұрынғы әйелі. Мик ұзақ уақыт бойы оны өлтірдім деп ойлады, бірақ Коралин адамға айналу жолын білемін деп, адам ретінде оралды. Людовик XVI ханының вампир туысы болып табылады.
Екінші кезектегі құрамы Джейкоб Варгас — Гильермо Гасоль, мәйіттерден қанды сорып, вампирлерді қанмен қамтамасыз етеді«No Such Thing as Vampires». . Брайан Дж. Уайт — лейтенант Карл Дэвис, Миктің досы және Беттың танысы«No Such Thing as Vampires». . Джордан Белфи — Джош Линдси, Беттың прокурор болып жұмыс істейтін жігіті. Өзін ұрлаған вампирлердің бірімен өлтірілген. Тами Роман — Морин Уильямс, Buzz Wire сайтының бастығы, вампирмен өлтірілген. Кевин Уайзман — Стив Бальфур, Беттың Buzz Wire-дағы әріптесі«No Such Thing as Vampires». . Дэвид Блу — Логан Гриффен, вампир, хакер, Миктің жиі көмек сұрайтын танысы«The Mortal Cure». «Love Lasts Forever». . Эрик Винтер — Бенджамин Тэлбот, прокурордың көмекшісі, Микке жұмыс ұсынды«Fated To Pretend». . Мифология
Сериалда қабылданған ұғымдар вампирлер туралы ерекше мифологияға негізделген. Бұл әлемдегі вампирлер күн сәулесінің белгілі бір мөлшеріне төзе алады, бірақ тікелей күн сәулесі оларды тез құрғатады. Сондықтан Мик күндіз сыртқа шыққанда әрдайым бейсболка мен қара көзілдірік киіп, көлеңкеде жүруге тырысады.
«Мәңгілік рыцарь» телесериалындағы детектив-вампир Ник Найттан айырмашылығы, «Ай сәулесі» вампирлері адам қанын ішуге міндетті (жануар қаны жарамайды). Ал «Періште», «Баффи — вампирлерді жоюшы» және «Вампир күнделіктері» сериалдарынан өзгешелігі, ағаш қазық бұл вампирлерді өлтірмейді, тек уақытша сал етеді. Вампирлерді өлтірудің сенімді тәсілдері — басын кесу және өртеу. Күміс те олар үшін улы, бірақ қасиетті су, кресттер және сарымсақ оларға әсер етпейді. Фотосурет пен кинопленкада күмістің әсерінен олар бұлыңғыр көрінсе, цифрлық камералар мен видеожазбада бұл құбылыс байқалмайды.
Бұл әлемнің вампирлері қарапайым адамға қарағанда әлдеқайда күшті, жылдам және төзімді. Ник Найттан айырмашылығы, олар ұша алмайды, бірақ бес қабатты ғимараттардың төбесіне секіре алады. Сондай-ақ олардың жақында болған оқиғаларды иіс арқылы «қайта көру» сияқты ерекше қабілеті бар (бұл көрерменге флешбек ретінде көрсетіледі, ал Мик оны тек түйсік пен логика арқылы түсінеді). Сонымен қатар Мик болашаққа да көз жүгірте алады.
Гипноз қабілеті бұл вампирлерде жоқ, «Қан туыстығы» және «Вампир күнделіктері» сериалдарындағыдай емес.
Дереккөздер
Санат:АҚШ телесериалдары Санат:CBS телебағдарламалары