Қарауылтөбе – Сасықкөл көлінің солтүстік-батысындағы төбе.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылының оңтүстік-батысында 41 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Қаражырық, Қарашаш, Құттыбике бұлақтары, батысында Орталық төбесі мен Қызылқайнар, Қошқар көлдері, оңтүстігінде Сасықбастау, Бастөбе төбелері, шығысында Қырыққұдықдала қонысы жатыр.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 470 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, көкпек, баялыш жүзгін, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары Санат:Төбелер