Шығырлы (1999 жылға дейін – Бородиновка)Темір ауданының Бородин ауылын Шығырлы ауылы деп өзгерту туралы — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған Шығырлы ауылдық округі орталығы болған.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен солтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 658 адам (324 ер адам және 334 әйел адам) болса, 2009 жылы 475 адамды (243 ер адам және 232 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 298 адамды (165 ер адам және 133 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері