Бөген — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Бөген ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде, Арал теңізінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Атау мәні Бөген ауылының бастапқы атауы «Қалия» (Ғалия болуы да мүмкін). Қалия ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген атақты Нұрбай байдың екінші әйелі. Бөген сөзі су қоймасы дегенді білдіреді. Кеңес өкіметі орнаған соң Бөген атауы «Көнебөген» атауына көшкен. Уақыт өте келе «Қалияға» ел қоныстанып, «Қалия» Бөген ауылы деп аталып кеткен. « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 944 адам (488 ер адам және 456 әйел адам) болса, 2009 жылы 984 адамды (525 ер адам және 459 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы елді мекендері