Алтай батыр — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, Сарытоғай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді ауылынан оңтүстікке қарай 51 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1220 адам (631 ер адам және 589 әйел адам) болса, 2009 жылы 1060 адамды (555 ер адам және 505 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 827 адамды (426 ер адам және 401 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы елді мекендері