Ақмая (1997 жылға дейін — Авангард) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ақмая ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік–шығысқа қарай 15 км жерде, Телікөл арнасының батыс жақ жағасындағы шөл белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2383 адам (1209 ер адам және 1174 әйел адам) болса, 2009 жылы 2519 адамды (1293 ер адам және 1226 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы 1973 жылға дейін ұжымшар орталығы, 1997 жылға дейін «Авангард» күріш кеңшары мен Ақмая ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Мұнда күріш және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері