Еңбекші — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Еңбекші ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1401 адам (702 ер адам және 699 әйел адам) болса, 2009 жылы 1532 адамды (767 ер адам және 765 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы 1929 жылы Еңбекші «ТОЗ» шаруашылығы болып құрылды. 1933 жылы Еңбекшіге «Колхоз» деген атақ берілді. 1950 жылы Еңбекші, Жиделі, Үлгілі колхоздары бірігіп, ірілендірілді. Жаңа колхоздың атын «Молотов» деп атады. 1975 жылы аудан шаруашылықтарында мамандандыру саясаты жүргізілді. «Коммунизм» колхозынан «Еңбекші» бөлімшесі өз алдына отау тігіп, мал шаруашылығымен айналысатын «Еңбекші» қаракөл қой совхозы болды.«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері