Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов (8.2.1958 , Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксаяқ ауылы) – инженер, техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2004), Халықаралық инженерлер (2006) және ҚР Ұлттық инженерлерлік (2008) академияларының мүшесі.

Қазақ химия-технология институтын бітірген (1982). Осы институтта кафедра инженері, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан (1983–97), «Балқаш» білім консорциумының атқарушы директоры (2003), «БГТИ» АҚ ректоры (2003–09), «ОҚТМИ» АҚ ректоры (2009), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (2011), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2013) және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттерінде (2014) бірінші проректоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінде департамент директоры (2012-2013) қызметтерін атқарады. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде ректор аппарат басшысы (2014-2016) және Қ.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтының директорының ғылыми-инновациялық жұмыстары бойынша орынбасары (2016-2019) қызметтерін атқарды. 2019 жылдан ҚР Минералды шикізатын кешенді өңдеу Ұлттық орталығында қызметте, 2025 жылдан Ұлттық орталық бас директорының бірінші орынбасары қызметінде.

Ғылыми жұмысының бағыты – түсті металдардың тотықты, сульфидті және хлоридті қосылыстарының күрделі жүйелері бойынша физика-химия зерттеулер жүргізу. Айтқұлов 250-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 31 авторлық куәліктермен патент, 9 монография, 9 оқу құралының («Өзін бақылауға арналған физикалық химиядан сұрақтар мен есептер жинағы», Шымкент, 2003; «Охрана труда. Безопасность жизнедеятельности», Қарағанды, 2008) авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Шығармалары: Физико-химические основы и технология переработки бедных шлаков цветной металлургии хлоридной продувкой (1996); Физико-химические закономерности получения и хлорирования оксохлоридов цветных металлов (2003); Физико-химические закономерности хлоридовозгонки меди, цинка и свинца из поликомпонентных оксидных, сульфидных и оксидно-сульфидных систем (2004).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Сыртқы сілтемелер Айткулов Досмурат Кызылбиевич

Дереккөздер

Санат:8 ақпанда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Халықаралық инженерлер академиясының академиктері Санат:Қазақстан инженерлік академиясының академиктері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Бұзұлұқ гуманитарлық-технологиялық университетінің ректорлары Санат:Бұзұлұқ гуманитарлық-технологиялық университетінің профессорлары Санат:Орталық Қазақстан технология және менеджмент институтының ректорлары