Ысқақ Ыбыраев (2001 жылға дейін — Ленино)Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлініс тарихынан (25.04.1921 ж. - 01.01.2017 ж.) — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Аютас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1109 адам (566 ер адам және 543 әйел адам) болса, 2009 жылы 711 адамды (345 ер адам және 366 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1930 жылы Бастау ауылы ретінде құрылған. 1928–29 жылдары мұнда артель, 1930 жылы “Мәдениет”, 1932 жылдан ұжымшар, кеңшар орталығы болды. 1996 жылы кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасты.

Дереккөздер

Санат:Шал ақын ауданы елді мекендері