thumb|right|300px|Ливерпуль соборы Ливерпульдегі Христостың кафедралық шіркеуі (), жиі Ливерпуль соборы ( деп аталады) — Ливерпульдегі англикандық кафедралы собор, Йорк провинциясындағы Ливерпуль махалласының орталығы.
Тарихы Ғимарат неоготикалық стилінде Джайлс Гилберт Скоттың 1903 жылғы жобасы бойынша салынды. Құрылыс жұмыстары 1904 жылы басталды, бірақ собор құрылысы 1970-ші жылдары ғана толығымен аяқталды. Собор үзындығы — 188 м, нефтің биікігі — 36,5 м, хордың — 35,3 м. Жалғыз мұнарасының биіктігі 101 м-ді құрайды. Жалпы аумағы — 9687 м². Ливерпуль соборы — Ұлыбританияның ең ірі және әлемдегі бесінші ең ірі собор болып табылады. Сонымен қатар әлемдегі ең ірі англикан соборы болып есептеледі, бірақ бұл лауазымға Нью-Йорктегі Дін маманы Иоанның соборы да таласуда.Liverpool Cathedral of Christ Қоңырау салмағы 31 тоннаны құрайды және әрекеттегі қоңыраулардың арасындағы ең ірісі болып саналады
2009 жылы қоңыраушылар тобымен собор қоңырауларында Джон Леннонның «Imagine» әуені ойнатылды.
Дереккөздер
Санат:Ливерпуль Санат:Ұлыбританияның англикандық соборлары