Рауф Ибрагимович Кутуев (06.05.1925 – 05.12.1944) – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, жаяу әскер, Кеңес Одағының Батыры (1945).
Өмірбаяны 1925 жылы Самара губерниясында туған. 1930 жылы ата-анасымен Ақтөбеге көшіп келіп, 7-сыныпты бітіріп, зауытта слесарь шәкірті болады. 1942 жылы әскерге шақырылып, Запорожьені азат етуде, Изюм бағытындағы соғыстарға қатысты. 1943 жылы команда құрамының қысқа мерзімді курсынан өткен, оған, 18 жастағы офицерге взводқа команда жасау тапсырылады. 1944 жылы желтоқсанда Дунай бекінісін алуға қатысып, ұрыс кезінде ауыр жарақат алып, қаза тапты. Батыр есімімен Ақтөбе қаласында бір көше аталған.
Марапаты 1945 жылғы 24 наурызда Р.И.Кутуевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.http://batyrlar.blogspot.com/p/blog-page_22.html
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:Кеңес Одағының батырлары