Антуан Гризманн (; 21 наурыз 1991 жыл, Макон, Франция) — шығу тегі эльзас-португал, «Атлетико Мадрид» клубы мен Франция Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.
Мансабы Жас кезі Өзінің футбол мансабын туған қаласында бастады.Алайда, туған қаласының командасы ойыншының дамуына көмектесе алған жок. Сондықтан әкесі баласын танымалырақ ұжымдарға апарып жүрді. Бірақ Антуанды еш жастар футбол академия алған жоқ. Тек 14 жасында ғана 2005 жылы өткен «Монпелье» мен «Пари Сен-Жермен» командаларының матчында көпшілікке потенциалын көрсетуге мүмкіндігі туды. Сол мүмкіндігін жіберіп алған жоқ. Матч кезінде Антуанға «Реал Сосьедад» жастар командасы көз салды,бірден клубпен жаттығуға шақырылды. Екі апта күшейтілген жаттығулардан кейін "баски" ойыншының қабілеттілігіне көздері жетті.
«Реал Сосьедад» Жастар футбол мансабы 2009 жылы Реал Сосьедадтың бірінші командасының бас бапкері Мартин Ласарте өзіне шақырғанда бітті.Төрт жолдастық кездесуде француз қақпаға 5 доп соқты, бұл оның алдағы тағдырын анықтады.Клубта сол қанаттағы позицияның орны босағаннан кейін,бапкерлер Антуанды сол позицияға қоюды шешті.Солай ең алғаш ресми кездесулерде ойнай бастады.2 қыркүйек 2009 "Ес Вальекано" матчында Гризманн алмастырылып, 77-ші минутында есеп ашты.Келесі голы ұзақ күттіртпеді.Төрт күннен кейін Сегунде,келесі «Уэскаға» гол соқты.Жалпы, сол маусымда 39 матчта 6 рет есеп ашты.
Жетістіктері Командалық
Атлетико Мадрид Чемпиондар Лигасының Финалисті: 2015/2016 Испания Суперкубогының Иегері: 2014 УЕФА Еуропа Лигасы: 2017/18
Франция құрамасы Еуропа Чемпионы (19 жасқа дейін): 2010 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2016 Әлем чемпионы: 2018 Жеке Үздік бомбардир "Еуропа чемпионаты-2016": 6 доп Үздік ойыншы "Еуропа чемпионаты-2016" УЕФА нұсқасы бойынша "Еуропа чемпионаты 2016" символикалық құрамасының құрамына кіретін ойыншы Францияның үздік футболшысы: 2016 Испания чемпионатының 2015\2016 маусымындағы үздік ойыншы
Дереккөздер
Санат:Франция футболшылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары