Татыр – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы тұщы көл, тарихи орын.
Географиялық орны Аманагелді-Торғай тас жолының солтүстік қанатында, аудан орталығы Торғай кентінен 56 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Жалпы алаңы 10-12 км2. Көктемгі су тасқынында Торғай өзенімен қосылып кетеді. Оңтүстік-батыс жағалауына қалың қамыс, қоға өскен. Құстар ұя салып, шабақ, алабұға, ақ балық, шортан, табан тіршілік етеді.
Тарихи дерек Көл жағасында Ресей патшасының Маусым Жарлығына көнгісі келмеген Аққұм, Тосын, Қарақоға, Шұбалаң болыстарының көтерілісшілері 1916 жылғы 21 қазан күні Қостанайдан келе жатқан ояз бастығының көмекшісі Ткаченконың жазалаушы отрядына алғаш рет қарсы соғысқан.ТОРҒАЙ ЕЛІ. Энциклопедия. Құрастырған Т. Рсаев. Алматы, «Арыс» баспасы, 2013 жыл
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы