Ноғайты — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Ащы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1857 адам (931 ер адам және 926 әйел адам) болса, 2009 жылы 1539 адамды (786 ер адам және 753 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1330 адамды (694 ер адам және 636 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Транспорты Елді мекен арқылы Ақтөбе-Атырау тас жолы, Қандыағаш-Атырау темір жолы өтеді.

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері