Қатпаған – Торғай алабындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Сарықопа көлдерінің оңтүстік-батысында, Қостанай облысы Жангелді ауданы, Торғай ауылының солтүстігінде 62 км-дей жерде орналасқан. Солтүстігінде Сасықкөл, шығысында Алакөл, батысында Аралсор көлдері, оңтүстігінде өзімен аттас қыстау бар.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 131 м биіктікте жатыр. Аумағы 2,4 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км. Жаз айларында ½ бөлігі тартылып, жағалауы батпаққа айналады. Жауын-шашын және су асты суларымен толысады. Қарашаның аяғында қатып, наурыздың аяғында ериді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы көлдері