Қолма-қол есеп айырысуҚазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том– сатылған тауарлардың‚ орындалған жұмыстардың‚ көрсетілген қызметтердің ақысын сатып алушылардың бірден ақшамен төлеуі немесе оларды алуға арналған құжаттарды беруі. Төлемақы заңды тұлғаның кассасына төленеді‚ базарда сатып алудан басқа жағдайда төлемақы сомасына шот-фактура (салық шот-фактурасы) беріліп‚ кассалық кіріс ордері жазылады. Кез келген тараптар (заң жүзінде айқындалған жеке тұлға тобынан басқа) арасындағы операцияларда қолма-қол ақшамен төленген факт болған кез келген айналым қазыналық жады бар бақылау-кассалық аппараттарда тіркелуге тиіс‚ олардың тізбесін үкімет белгілейді. Заңды тұлғаның тауарлары базарда қолма-қол есеп айырысу жолымен сатып алынған жағдайда сатып алу актісі ресімделеді‚ онда сатып алушының деректемелері көрсетіліп‚ базар әкімш-нің мөрімен расталады. Акт салық көзінен салықтың ұсталған-ұсталмағанының айғағы болып табылады. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Сілтемелер Экономика Ақша Валюта Айналым

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы